Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Электрондық азамат» мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаменті біздің кітапханамен бірлесе отырып «Электрондық азамат» мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындар арасында электронды үкіметтік қызметтерді ұсынуды оңтайландыру және қоғам санасын жаңғырту.

Жәрмеңке 24 қазанда сағат 14.30 -18.30 аралығында А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында өтеді.

Жәрмеңкенің негізгі міндеттері:

- электронды мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын іздестіру;

- мемлекеттік қызметті кітапханалар арқылы алуды насихаттау;

- мемлекеттiк қызметтi электронды түрде алу бойынша практикалық көмек;

- А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ауылдық кітапханаларда электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәжірибесі.

Жәрмеңке күні облыстық кітапханада тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, онда мемлекеттік мекемелердің өкілдері және «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО, МСВС) жұмыс істейді. Мәселен, мұнда баланы балабақшаға ұялы телефон арқылы кезекке қалай тұрғызу керек, үйді тұрғызу үшін қажетті құжаттарды қалай шығару керек, оның ішінде ИЖСС және басқа да жер учаскелерін қалай орналастыру керек т. б. қызмет түрлері туралы кәсіби кеңес ала аласыздар.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша барынша сұраныстағы салалар қатысады. Олар: денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, жер қатынастары және архитектура, көші-қон, әлеуметтік қатынастар, РАПА және т.б.

Маңызды және қажетті ақпарат алғысы келетін, электронды мемлекеттік қызметтер саласында білімін кеңейткісі келетін және үкімет жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға жәрдемдесуді көздейтін барлық жандарды жәрмеңкеге шақырамыз.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo