Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Емханаға тіркеу кампаниясы - 15 қыркүйек-15 қараша

Елімізде ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін тұрғылықты тұратын жеріне байланысты бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымды еркін таңдау бойынша жылсайынғы екі айлық науқан жалғасып келеді.

Науқан кезінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасауы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар шегінде тұрғындар бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор деректер базасының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға айсайын жан басына шаққандағы қаржы төленеді.

Кез келген азамат тек бір әкімшілік медициналық ұйымға ғана, өзінің ЖСН тіркеле алады.

Медициналық қызмет алу үшін емхананы таңдау кезінде әр азамат учаскелік дәрігердің көмегіне жүгінуді, және де қазіргі кездегі орын алған еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, өзінің тұрғылықты тұратын жеріне жақын емхананы таңдауы абзал.  

 Электронды үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы тіркелу электронды цифрлық қолтаңба немесе ұялы телефонмен бірреттік пароль арқылы жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау бөлімінде «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана азамат туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Порталдағы орындалған шара сәтті болған жағдайда, азаматқа медициналық ұйымнан тіркелгені немесе тіркелмегені туралы хабарлама беріледі.

Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін өз бетімен өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты беруі қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді рәсімдейтін адамдар жатады. 

 Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. 

 Әрбір азамат өзінің бекітіліп тұрған медициналық ұйымының қызметін қажет деп тапса, онда қайта бекіту науқанына қатыспауына болады. Бұл жағдайда бекіткен ұйымы аталған азаматты келесі жылға автоматты түрде тіркейді.

Бұл науқанды жылына бір рет пайдаланып, тек бір ұйымды таңдай алады. Тек азамат өзінің тұрақты тұратын жерін ауыстырғанда, жұмысын өзгерткенде, оқуға түскен жағдайда қайта бекітіле алады.

Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар қазіргі кезде бекітілген емханаларына қаралады.

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ш.М.Әшірбаева

 

 

Қазақ
× You found a Typo