Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Эразмус+:«Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, инструменттері мен субъектілері» атты аймақтық семинар-тренинг - 24-25 қыркүйек

ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА 

2018 жылдың 24-25 қыркүйегінде Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ бағдарламасының Ұлттық офисі Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындарының өкілдеріне арнап, «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, инструменттері мен субъектілері» атты аймақтық семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың негізгі мақсаты – университеттің академиялық саясатын тиімді іске асыру барысында жоғары оқу орындырының құрылымдық бөлімдері өкілдеріне қолдау көрсету және Эразмус+ бағдарламасы жобаларына университет студенттері, ОПҚ және қызметкерлерінің қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Осымен қоса, Эразмус+ бағдарламасы («Жоғары білім беру потенциалын жоғарлату» және Халықаралық кредиттік ұтқырлық компонеттері бойынша), Жан-Моне бағдарламасы және Эразмус Мундус біріккен магистрлік бағдарламасының мақсаттары, құрамы және қатысу жағдайларымен таныстыру бойынша ақпараттық сессия өткізіледі.

Дәрістерді Қазақстандағы жоғары білім беруді реформалау бойынша Ұлттық сарапшылар ұжымының мүшелері өткізеді.

Семинарға қатысу тегін. Семинарға қатысушылар тіркелу формасын толтырып, оны seminarvkgu@mail.ru адресіне жіберуі тиіс.

Өткізу орны: Өскемен қ., Казахстан к-сі, 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік корпусы.

Уақыты: Тіркеу – 13.30-да. Басталуы – 14.00-де.

Семинар бағдарламасы https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/nauka/v_Kazakhstane/DRAFT_prog_24_25_sept.pdf сайтында көрсетілген. 

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo