Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Еуразия гуманитарлық институтының 25 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция - 4 желтоқсан

Ақпараттық хабарлама

2020 жылдың 4 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институты ЖОО-ның 25 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.

Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  3. Қазақ және орыс филологиясы.
  4. Шетел филологиясы және аударма ісі.
  5. Құқықтану.
  6. Экономика және қаржы.

Конфренция мәжілісінің форматы: пленарлық отырыс, дөңгелек үстел.

Материалдар электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.

Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2020 ж. 15 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 3000 теңге.

Жұмыс тілдері - қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:

010009, Нұр-Сұлтан қ., Жұмабаев даңғылы, 4,

Еуразия гуманитарлық институты

  1. -mail: konf.eagi2020@mail.ru, +77011768551, +7(7172)561933

Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail.Тiркеу жарнасы Нұр-Сұлтан қаласы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың

ИИК КZ806010111000036337 есеп-шотына аударылады,

БИН 990140001808, БИК HSBKKZKX, КБе 17, төлем бағытының коды 861.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo