Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Fintech» тақырыбы бойынша Baiterek Hackathon стартаптарын ұсыну күні – 29 қараша

«QazTech Ventures» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ үшін бизнес-үдерістің жаңа технологиялық шешімдерін іздестіру және стартап-жобаларды одан әрі ілгерілету мақсатында «Fintech» тақырыбы бойынша Baiterek Hackathon жобасын өткізеді.

Қоғам талантты әзірлеушілерді қаржылық технологиялар саласындағы бірнеше өзекті мәселелер бойынша қатысуға және өз шешімін ұсынуға шақырады. Жалпы жүлде қоры – 2 миллион теңге.

Өтінімді командадан да, жеке дара беруге болады. Егер өтінім жеке берілсе, команда іс-шарада құрылады. Кәмелетке толмаған қатысушылар ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі туралы анықтама ұсынуы тиіс. Жеңімпаздарды инновация, қаржылық технология және бизнес саласындағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды.

Іс-шара аясында менторлар тартылады, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік-сыныптары өтеді.

Өтетін күні мен орны: 29 қараша – 1 желтоқсан, Smart Point Almaty / Байзақов к-сі, 280, Алматы.

Қатысуға өтінім беру және Baiterek Hackthon-ға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады https://qaztech.vc/.

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі

Мекенжайымыз: Шәкәрім даңғылы, 148, №100 дәрісхана

Қазақ
× You found a Typo