Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Гендерлік экономика саласында зерттеулер жүргізу үшін Орталық Азия елдерінен жас зерттеушілерді іріктеу (Нархоз Университеті жанындағы гендерлік экономиканы зерттеу орталығы) – өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы гендерлік экономика саласындағы жас зерттеушілер үшін 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс жариялайды.

Нархоз университеті жанындағы Сорос-Қазақстан Қорымен (СҚҚ) бірлесе отырып, «Ашық экономика» бастамасы шеңберінде «Гендерлік экономика» жобасы бойынша зерттеулер жүргізуге арналған 3 (үш) шәкіртақыны (стипендияны) алушыларды ірікеуге арналған үшінші стипендиалды бағдарламасының ашылғанын жариялайды. Іріктелген үміткерлерге гендерлік экономиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектер жазу үшін 6 айға ай сайын 110 600 (жүз он мың алты жүз) теңге көлемінде стипендия беріледі. Стипендиялар зерттеушілерді қолдауға және олардың ғылыми мақалаларын жазумен байланысты зерттеулер мен әкімшілік шығындарды өтеуге арналған (сұхбат, сауалнама, мәліметтер жинау және т.б.).

Конкурсқа қатысуға келесілер шақырылады:

- Шетелдік және қазақстандық ЖОО-дың экономикалық мамандықтар бойынша оқитын магистранттары мен PhD ізденушілері;

- Қазақстандық ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталықтардың экономист

қызметкерлері;

Тәуелсіз экономист, эксперт және зерттеушілер.

Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:

- Магистр дәрежесі;

- Зерттеушілік қызмет тәжірибесі (2 жылдан кем емес);

- Ғылыми жұмысты жазу, көркем әдебиеттік оқу және гендерлік экономика бойынша

тренингтер қатысу үшін қажет ағылшын тілінің жетілдірілген дағдылары. Ағылшын тілін білу сертификаты және / немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі университеттің дипломы болу құпталады;

- Жасы – 36 жасқа дейін;

- Орталық Азия елдерінің бірінің азаматы болу және де сол елде тұрақты тұру;

- 2020 жылдың желтоқсанынан бастап 2021 жылдың наурызына дейін стипендиялық

бағдарлама шеңберінде онлайн тренингтерге, семинарларға және басқа іс-шараларға қатысу мүмкіндігі.

- Ашық қоғам құндылықтары мен қоғамдық мән-маңызға ие мәселелерді ашық талқылай білу принциптеріне адалдық.

Конкурс мерзімі:

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 ж. 29 қараша (Астана уақыты бойынша 23:59). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Ескерту: Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы Сорос-Қазақстан Қорының келісімі бойынша, әрі өз қалауы бойынша осы конкурстың өткізілу мерзіміне аздаған өзгерістер енгізе алады.

Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:

- Толтырылған өтінім формасы, шаблонмен мына жерден танысуға болады https://cutt.ly/fg12tvM; (егер үміткер қаласа, өтініш ағылшын тілінде толтырылуы мүмкін https://cutt.ly/Xg14CVu);

- IELTS немесе TOEFL ағылшын тілінен тест сертификаттары бар болса (PDF

форматында);

- Жеке куәліктің / паспорттың сканерленген көшірмесі (PDF форматында);

- Жеке зерттеу немесе публикация үлгісі (ең азы 4000 сөз, PDF форматында)

Өтінімдерді gerc@narxoz.kz электрондық поштасы «хабарлама тақырыбы» жолында «2020-2021 жж. стипендиялық бағдарламаға өтінім» деп көрсету арқылы жіберу керек.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo