Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ - 2018» атты 20-шы ЖОО аралық ғылыми конференция - 12 сәуір

1-ші АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Еуразия гуманитарлық институты 2018 ж. 12 сәуірде

студенттер мен магистранттардың «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ - 2018» атты

20-шы ЖОО аралық ғылыми конференциясын өткізеді

Мынадай секциялар жұмысы ұсынылады

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  3. Қазақ және орыс филологиясы.
  4. Шетел филологиясы және аударма ісі.
  5. Құқықтану.
  6. Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері.

Конференцияға дейін бағдарламаны шығару жоспарланып отыр. Осыған орай, конференцияға қатысу үшін өтінімді  2018 жылдың 26-шы наурызға дейін жіберу керек. Өтінім нысаны ұсынылды.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

Конференция қорытындысы бойынша материалдардың жинағын шығару көзделуде, онда үздік баяндамалар жарияланатын болады. Үздік баяндамалар авторларына тезистерді ресімдеу талаптары бар 2-ақпараттық хабарлама беріледі.

Конференцияға қатысу үшін өтінім электронды түрде мына мекенжай бойынша қабылданады:

010009, Астана қаласы, М. Жұмабаев даңғылы, 4, Еуразия гуманитарлық институты

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы

Аязбаева Асемгүл Темірханқызына

Телефон/факс: (7172) 561 933, ұялы телефон: 8 701 176 85 51,е-mail: studkonf.eagi2018@gmail.com

Өтінімді ресімдеу үлгісі

«Ғылым және жаңа ұрпақ – 2018» атты конференцияға қатысуға

ӨТІНІМ

1

Секцияның нөмірі мен аты

 

2

Баяндаманың атауы

 

3

Баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты (толық көрсетіледі)

 

4

Баяндамашы туралы мәлімет (студент немесе магистрант екенін, курсын, мамандығын, тобын көрсету)

 

5

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

 

6

Жетекшінің ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы

 

7

Оқу орнының толық атауы (білім беру мекемесінің)

 

8

Оқу орнының мекенжайы (қаланы көрсету)

 

9

Баяндамашының байланыс телефондары (ұялы / үйінікі)

 

10

Баяндамашының электронды поштасының адресі

 

11

Қажетті техникалық құралдар (проектор, ноутбук)

 

 
Қазақ
× You found a Typo