Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Хабарландыру (4 ақпан)

Елбасы, Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын жастарға түсіндіру мақсатында облыстық мәслихаты депутаттары мен партия өкілдерінің
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен кездесу шарасының
АҢДАТПА

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 1-оқу ғимаратының акт залы
Өтетін уақыты: 4 ақпан, сағат 11.00
Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық ортағы» КММ
Қатысушылар: облыстық «Нұр Отан» партиясының, облыстық мәслихат депуттарының және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері
Қазіргі таңда елімізде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын жан-жақты түсіндіру жұмыстары қарқында жүргізілуде.
Осы мақсатта жолдауды жастарға түсіндіру мақсатында 2017 жылғы
4 ақпан күні сағат 11.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 1-оқу ғимаратының акт залында облыстық «Нұр Отан» партиясының, облыстық мәслихат депуттарының және «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 120 студентімен кездесуі жоспарланған.
Кездесу барысында жолдаудың басым бағыттары мен негізгі мақсаты жастарға түсіндіріліп, жастарға жолдау туралы сұрақ қоюға мүмкіндік болады.
Іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынан сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық ортағы» КММ

Қазақ
× You found a Typo