Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Хабарландыру

Ұлы даланың сырлы сазын әнмен жеткізген композиторлар

Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы

 I  ән фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже:

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2017 жылы 5 шілдеде композиторлар Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы I әншілер фестивалін өткізеді.

Өткізілетін орны: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Оң жағалау, Ертіс өзенінің жағажайы.

Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 43. байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайы: 8(7222) 521723 факс, 363985, semeyfilarmoniya@mail.ru.

2. Фестивальдың мақсаты:

  • Композиторлардың әндерін келер ұрпаққа насихаттау, дәріптеу;
  • Т.Базарбаев пен Б.Жамақаевтың әндерімен халыққа кеңінен таныту, өнердегі өскелең ұрпақты баулу;
  • Әншілердің орындау шеберліктерін арттыру, оларға қолдау көрсету және жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету;
  • Ән өнерін дамыту және өнер әлемінде сазгерлердің өміршең әндерімен бірге өсіп келе жатқан жас талантты орындаушылардың жаңа есімдерін анықтау;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың эстетикалық, ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына таратылуына ықпал ету.

3. Ұйымдастыру комитетінің құзыреті:

  • Фестивальды Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы ұйымдастырады.                                                                                     
  • Барлық қатысушылар тең дәрежеде дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

4. Фестивальдың талаптары мен шарттары:

  • Фестивальге жеке әншілер немесе ұжымдар (топтар)  қатыса алады. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен әр облыстың мәдениет басқармалары ұсынған әншілер және Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан іріктелген әншілер қатыстырылады.
  • Әндер міндетті түрде өңделіп орындалуы тиіс./минус/
  • Фестивальге қатысу үшін үміткерлер құжаттарды 2017 жылдың                                 23 маусымына дейін мына электрондық мекен-жайға жолдаулары қажет: semeyfilarmoniya@mail.ru, Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының байланыс телефондары: 8(7222) 521723 факс, 363985.

Өтінішке қоса мынандай құжаттар ұсынылуы тиіс:

  • жеке куәліктің немесе төлқұжатының көшірмесі;                                                          
  • қысқаша шығармашылық өмірбаяны;
  • жолдаушы мекеменің ұсынысы;
  • 13 х 18 см. көлемдегі электрондық фотосурет
  • орындалатын әнінің дыбыстық фонограммасы.
  • Республикамыздың барлық өңірлерінен қатысатын талапкерлердің жол-сапар шығынын жіберуші жақ, жатар орнын, тамағын ұйымдастырушы жақ өз міндетіне алады.

5. Фестивальды қаржыландыру:

  • Фестивальды дайындау мен өткізуді қаржыландыру облыстық бюджетпен көзделген қаражатпен жүзеге асырылады.
  • Фестивальды өткізуге көзделген ақшалай қаражат ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша бекітілген сметалық шығындармен қатаң сәйкестікте жұмсалады

Теміржан Базарбаевтың әндерінің тізімі:

  1. Т.Базарбаев, Н.Шәкенов «Қазақстан туралы ән»
  2. Т.Базарбаев, А.Сапышев «Семейім, ару қалам»
  3. Т.Базарбаев, Д.Қанатбаев «Студенттік кештер»
  4. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Гүл керек»
  5. Т.Базарбаев, А.Құнанбаев «Есіңде бар ма жас күнің»
  6. Т.Базарбаев, Б.Тәжібаев «Өз елім»
  7. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Жаңа жерлер, жасыл көлдер»
  8. Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Шалқыма»
  9. Т.Базарбаев, Т.Оразбаев «Қалай жүрсің сағынбай»
  10. Т.Базарбаев, А.Кендарбеков «Сағындым, Алакөлім»
  11. Т.Базарбаев, Ә.Сәдуақасұлы «Алыстағы ағайын»
  12. Т.Базарбаев, М.Сұлтанбеков «Асыл аға»
  13. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Аңсау»
  14. Т.Базарбаев, А.Асылбеков «Айналайын, анашым»
  15. Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Жылайды гүлдер»
  16. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Сүйгенім сен»
  17. Т.Базарбаев, Т.Әбдікәкімов «Қара дала»
  18. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Қаздар қайтқанда»
  19. Т.Базарбаев, Т.Оразбаева «Сен келмедің»
  20. Т.Базарбаев, Қ.Тұраров «Астана-Ақорда»
  21. Т.Базарбаев, Ж.Бейсенов «Ауылым»
  22. Т.Базарбаев, Ә.Дүйсенбиев «Ақ мамам»
  23. Т.Базарбаев, Ә.Тәжібаев «Қыз қайда»
  24. Т.Базарбаев, Ә.Дүйсенбиев «Еске сақта»
  25. Т.Базарбаев, Қ.Мырзағалиев «Тамаша»
  26. Т.Базарбаев, Қ.Исалин, А.Сапышев «Отан»
  27. Т.Базарбаев, Н.Айтұлы «Бәйтерек»
  28. Т.Базарбаев, М.Мақатаев «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
  29. Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Тұз дәмі»
  30. Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Адамдар, бақытты болыңдар.»
  31. Т.Базарбаев, Қ.Исалин «Ай жүзім»
  32. Т.Базарбаев, Ж.Нәжімеденов «Бұлақ ағып барады»
  33. Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Солмайтын гүл жоқ»
  34. Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Үнсіз жүрсем»

Бекен Жамақаевтың әндерінің тізімі:

  1. Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Махаббат вальсі»
  2. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Ертіс вальсі»
  3. Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Сен ғана»
  4. Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Бақытты студент жастармыз»
  5. Б. Жамақаев, Ғ. Қайырбеков «Менің шаттығым»
  6. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Әлемге тыныштық»
  7. Б. Жамақаев, С. Машақов «Жастық заман»
  8. Б. Жамақаев, Ә. Ахметов «Қарағанды вальсі»
  9. Б. Жамақаев, Қ. Көпішев «Гүлім қайда»
  10. Б. Жамақаев, А. Ахметов «Түн сыры»
  11. Б. Жамақаев, Ә. Ахметов «Мереке вальсі»
  12. Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Ертіс әні»
  13. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Әнші»
  14. Б. Жамақаев, М. Айтқожина «Әлди, әлди бөбегім»
  15. Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Сүйгенім, кел, ауылға кел»
  16. Б. Жамақаев, С. Машақов «Сырым көп сәулем сақтаған»
  17. Б. Жамақаев, Е, Байтоқов «Шофер әні»
  18. Б. Жамақаев, Н. Шакенов «Қыз әні»
  19. Б. Жамақаев, Қ. Мұқаметханов «Алтын дән»
  20. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Қайдасың, қайда, сәулешім»
  21. Б. Жамақаев, А. Құнанбаев «Қыйыстырып мақтайсыз»
  22. Б. Жамақаев, С. Анисимов «Китайская лирическая»
  23. Б. Жамақаев, Қ. Ыдырысовтың «Сырдария»-деген өлеңінің желісімен айтылады.
  24. Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Жылқышы әні»
  25. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Қазақстан»
  26. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Алтын арқа»
  27. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Дала, тыңда әнімді!»
  28. Б. Жамақаев, К. Қалиев «Ұлы таулар»
  29. Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Жалғыздық тойы»
  30. Б. Жамақаев, Ә. Табылдиев «Жеміс тойы»
  31. Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Бұл не деген сезім еді»
  32. Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Аққуым аспанда емес жерде менін»
  33. Б. Жамақаев, Ә.Табылдиев «Туған үйдің жұртында»
  34. Б. Жамақаев, Қ. Ыдырысов «Арқа қысы»
  35. Б. Жамақаев, М. Мақатаев «Тұлпарлы елдің ұлымын»
  36. Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Қоштасу әні»
Қазақ
× You found a Typo