Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Хабарландыру

Хабарландыру

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына» сәйкес профессор-оқытушылық құрамының бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Кафедра меңгерушісі: азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу – 1; экономика және басқару – 1; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 1; қазақ, орыс филологиясы және журналистика – 1; шет тілдер және аударма ісі – 1; музыкалық білім беру – 1; дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі - 1; алғашқы әскери дайындық – 1; экология және география – 1; химия – 1; математика – 1; компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар – 1; физика және технологиялар – 1.

Кафедра профессоры: психология және коррекциялық педагогика – 1; физика және технологиялар – 1.

Кафедра доценті: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 2; қазақ, орыс филологиясы және журналистика – 3; психология және коррекциялық педагогика – 1; педагогикалық білім беру және менеджмент – 2; музыкалық білім беру – 1; алғашқы әскери дайындық – 1; биология – 1; математика – 1; компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар – 1;

Кафедраның аға оқытушысы: қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу – 2; азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу – 4; экономика және басқару – 3; қаржы және есеп – 3; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 5; қазақ, орыс филологиясы және журналистика – 10; психология және коррекциялық педагогика – 6; педагогикалық білім беру және менеджмент – 10; музыкалық білім беру – 3; дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі – 11; биология – 2; экология және география – 2; химия – 1; математика – 1; компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар – 4; физика және технологиялар – 5.

Кафедра оқытушысы: қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу – 1; экономика және басқару – 1; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 1; психология және коррекциялық педагогика – 2; дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі – 2; математика – 1; физика және технологиялар – 1.

Конкурсқа қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Үміткерлер өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; 2) өмірбаяны; 3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары; 4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары; 5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда); 6) №086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6697 тіркелген); 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру керек: 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан к., 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, №309 каб., қызм.тел.: 8-7232-252-303, ұялы тел.: 8-747-498-66-59, 8-777-347-81-82».

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Қазақ
× You found a Typo