ХАБАРЛАНДЫРУ
Әскери кафедрада оқығысы келетін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 1 курс (4 жылдық оқумен) және 2 курс (5 жылдық оқумен) сонымен қатар колледж бітіргеннен кейін 2 курсқа қабылданған студенттеріне, 2019 жылдың 12 ақпаннан бастап құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Дзержинский көшесі 7/2 мекен жайы бойынша орналасқан әскери кафедраның № 17 бөлмесіне хабарлассын.
Өзімен бірге жеке бас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы, әскери қызметке жарамдылығы туралы және әскери есепте тұрғандығын растайтын белгісімен тіркеу кітапшасының көшірмесі мен түпнұсқасы, үлгі бойынша соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама, факультет деканымен қол қойылған, студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы анықтама, файл, 3×4 фото 2 дана болу керек.
Әскери кафедра әкімщілігі