Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Хабарландыру

26 ақпанында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Дайындау  бағыты  және  білім беру бағдарламалары басшыларына  арналған  «Білім беру бағдарламаларын басқару» 72 сағаттық  біліктілікті арттыру курсы  басталды.

Курсқа университет ректоры бұйрығымен тағайындалған 70-тен астам кафедра оқытушылары, дайындау бағыты және білім беру бағдарламалары басшылары  қатысады.

Білім беру бағдарламасын басқару – бұл  білім беру бағдарламасын әзірлеу, енгізу, жетілдіру мақсатында оның сапасын қамтамасыз ететін  үйлестіруші тұлға. Осыған орай курстың негізгі мақсаты -  Білім беру бағдарламаларын басқару үшін  олардың  сапасын қамтамасыз ету мақсатында  оқытушылардың теориялық  және іс-тәжірибелік  дайындығын  жетілдіру.

Курс барысында «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін орындау», «Ұлттық біліктілік шеңбері кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламалар әзірлеу»; «Білім беру бағдарламасының даму негізі ретінде құзыреттілік негізіндегі тәсіл»; «Білім беру бағдарламасының жоспарлау және мазмұны ерекшеліктері»; «Білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз етудегі жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері»; «Білім беру бағдарламаларының рейтингі және оның негізгі өлшемдері»; «Бітірушілерді табысты жұмысқа орналастыру білім беру бағдарламасының сапалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады»; «Білім беру бағдарламасының сапасын бақылау» және т.б. негізгі өзекті мәселелер  талқыланады.

Лекторлар арасында университеттің тәжірибелі оқытушылары педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к.   Т.В. Паншина; модельдеу және сандық технологиялар зертханасының меңгерушісі, PhD докторы  А.Б., Нугуманова Химия және технологиялар кафедрасының  аға оқытушысы, магистр  Б.З. Медеубаева

Оқыту курсы күнделікті  №1 оқу ғимаратында өтеді.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы   департаменті,

Біліктілікті  бекіту орталығы

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo