- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016 жылдың 1- 30 желтоқсан аралығында бейінді магистратура бітіруші тұлғалар үшін қосымша академиялық кезең бойынша курсқа қабылдайтындығын хабарлайды.
Курсқа қабылдану үшін қажетті құжаттар: 1. Ректордың атына өтініш; 2. Магистр дипломының көшірмесі (қосымшамен); 3. Жеке оқу жоспары; 4. Қосымша академиялық кезең бойынша оқыту қызметін өтемелі көрсету туралы шарт. 5. Төлем туралы түбіртектің көшірмесі. Анықтаманы 8/7232/540-157 телефоны бойынша алуға болады.
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиалық дивизия көшесі 34, 231 дәрісхана, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі.