Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Химиялық калейдоскоп»

 

            Ақпараттық хабарлама

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасында имидждік жыл сайынғы мектеп оқушылары үшін өткізілетін мерейтойлық

«Химиялық калейдоскоп» атты сайыс

 

«Химиялық калейдоскоп» сайысының мақсаты:

Оқушы бойына жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты қалыптастыру.

«Химиялық калейдоскоп» сайысының міндеті:

  1. оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру;
  2. болашақ мамандарды ғылыми зерттеу сауаттылыққа үйрету;
  3. оқушы бойындағы дүниетанымдық қабілетін жүзеге асыруға қажет дағды қалыптастыру;
  4. ғылыми мәселелерді өз бетінше талдауды үйрету;
  5. қоршаған ортаны тану қызығушылығына жағдай жасау.
  6. оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін анықтау;

Ұйымдастырушылар

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің химия кафедрасы.

Сайысқа қатысушылар

Х мерейтойлық сайысқа «Химиялық калейдоскоп» турнирінің  2007-2016 жылдардағы жеңімпаздарымен жүлдегерлері (бір оқу орнынан бір команда) қатыса алады. Турнирге 5 команда қатысады.

Қатысушы топтарға қойылатын талаптар:

  1. топ 6 оқушыдан (кем немесе артық емес) құрылады;
  2. топ капитанының болуы міндетті;
  3. топтың 50%-ы 10-шы сынып оқушыларынан құрылуы тиіс.
  4. сынып жетекшісінің немесе химия пәні мұғалімінің қатысуы міндетті.

Турнирге қатысу туралы өтініш 2017 жылдың 20 ақпаннан 2 наурыз аралығында қабылданады. Өтінішті ұйымдастыру комитетінің электронды мекен жайына

Орыс тілді мектептер үшін е-mail:   ivekz08@mail.ru 

Афанасенкова Ирина Владимировна.

Қазақ тілді мектептер үшін е-mail: san_os@mail.ru

Оразова Сан Советбековна, немесе қағазға басылған нұсқасын химия кафедрасының мекен жайына тапсыруға болады: 30-шы гвардиялық дивизия көшесі, 34, ауд.№408.

Іріктеу кезеңіне қатысуға шақыру 2017 жылдың 4 наурызына жіберіледі.

Турнир тақырыбы: «Маңызды d-элементтер мен олардың қосылыстары»

Сайыс кезеңдері.

Іріктеу кезеңі.

    Егер қатысуға өтініш білдірушілер саны жоспардан тыс артық болатын болса Іріктеу сайысы жүргізіледі. Іріктеу сайысы 2017 жылдың 10 наурызында сағат  1400 –де химиялық заттарды сапалық анықтауға арналған тәжірибелік тапсырма түрінде өтеді. Қатысушыларға қойылатын талаптар: 2 оқушы (10 сынып оқушысы болуы тиіс). Форма – химиялық халат. Оқушылар мұғалімдерімен келуі тиіс. Тіркеу сағат 1330-да  № 1 оқу ғимаратының 419 аудиторияcы.

    Турнирге қатысуға тек 5 команда шақырылады. Қатысушылар тізімі іріктеу кезеңінің нәтижелеріне негізделеді.

    Турнирге шақыру 2017 жылдың 11 наурызынан кешіктірмей жіберіледі.

Негізгі кезең.

Негізгі кезең 2017 жылдың 16 наурызы (орыс тілді мектептер үшін) 17 наурызы (қазақ тілді мектептер үшін) сағат 14.00-де 305 аудиторияда өтеді. Тіркелу 13.00-ден №1 оқу ғимаратының 305 аудиториясында.

1. «Өзін таныстыру» сайысы.

Әрбір топ өзін еркін формада 3-4 минут ішінде таныстырады. Арнайы киім, музыкалық сүйемелдеу мен жанкүйерлердің болуы құпталады.

2. «Ой серпілісі» сайысы.

Әрбір топ мүшелері өздерінің қарсыластарына 8-10 сынып химия бағдарламасы деңгейінде қызықты бес сұрақтан дайындайды. Сұраққа берілетін жауап, қосымша түсіндіруді талап етпейтін қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Мысалы: «Екі элементтен тұратын, оның біреуі оттегі болып келетін заттарды қалай атайды?» сұрақ пен жауап қатар бағаланады. Сұрақтардың мәтіні мен жауаптары экспертизаға және бағалауға 2017 жылдың 14 наурызына дейін тапсырылуы тиіс.

3.«Химиялық бәйге» сайысы.

Сайыс: сұрақ-жауап түрінде өтеді. Әрбір топ белгіленген сұраққа дайындықсыз қысқаша жауап беруге тиіс. Жауап берілмеген немесе дұрыс болмаған жағдайда басқа топ мүшелері жауап беруге құқылы.

4. «Капитандар сайысы».

Топ ішінен сайланған белсенді оқушы, яғни капитан теориялық және шығармашылық бағыттағы тапсырманы орындайды.

5. «Жас химик» сайысы.

Әр топтан алынған 2 оқушы сапалық реакция көмегімен белгісіз заттарды анықтап, химиялық реакция теңдеуін жазуы тиіс. Форма – химиялық халат.

6. «Химиктер мен лириктер» сайысы.

Команда турнир тақырыбына музыкалық, би, поэтикалық, драматикалық және басқа номер ұсынады.

7. «Белсенді қолдаушылар» сайысы

Командалар әртүрлі тапсырмалар орындау кезінде, қолдаушылар арасында сайыс өткізіледі.

  • «Химия мен өмір» музыкалық сайысы – командадан музыкалық номер;
  • «Химиялық ыдыстарды табу» пантомимолық сайыс және т.б.

Ұйымдастыру комитетінің шешімібойынша сайыстар саны көбейтіліп-қысқартылып отырылуы мүмкін.

  • «Химиялық калейдоскоп» Х мерейтойлық турнирге қатысу өтініші

1.Оқу орнынының толық атауы: «...........» ММ, .....әкімшілігі, ...... ауданы

2. Қатысу тілі –

3. Команда атауы –

4. Команда мүшелерінің тізімі (команда мүшелерінің толық аты-жөні, сыныбы), капитанын көрсету.

Қатысушылардың аты-жөні

Сынып

Қосымша

1

Жаңабаева Айдана Амантайқызы

10

капитан

2

 

 

 

 

 

 

 

 

5. ғылыми жетекшісінің аты-жөні, санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс телефоны, e-mail (мектеп телефонынан басқа хабарласу телефон номері болуы құпталады).

 

6. Қатысатын мектептің телефон нөмірі, мекен жайы (толық) және электронды адресі.

 

Берілген ақпараттарға байланысты шара бағдарламасы құрылады.

«Химиялық калейдоскоп» сайысының жеңіпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, «Үздік теоретик», «Үздік практик» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті: 070010, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 үй, ШҚМУ-дың № 1 оқу ғимараты, 4 қабат, 408 аудитория. Телефон – 540-482. e-mail:

Модераторлар:

химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының  магистрі Оразова Сән Советбековна (к/о), е-mail: san_os@mail.ru т. +77055100661;

химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының  магистрі Мукажанова Жазира Бигалиевна  (к/о), +7-747-140-62-66,

п.ғ.к., химия кафедрасының доценті Афанасенкова Ирина Владимировна (р/о), е-mail:   ivekz08@mail.ru   т. +7 777-235-35-34;

п.ғ.к., химия кафедрасының доценті Попова Марина Васильевна (р/о); +7-777-543-59-43.

Сіздің мектеп командасы 2007-2016 жылдары аралығында «Химиялық калейдоскоп» турнирінің жеңімпазы/жүлдегері болғандықтан осы ақпараттық хабарламаны алдыңыздар.

Турнир қатысушылары қатарынан көреміз деген үміттеміз.

 

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo