Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

III Республикалық «АНАЛАР –АСЫЛ ЖАНДАР» атты ән-би байқауының ережесі

III Республикалық «АНАЛАР- АСЫЛ ЖАНДАР» атты ән-би байқауының ережесі

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  III Республикалық  «Аналар – асыл жандар» атты  өнер байқауын ұйымдастырады. Байқау 2019 жылдың 4-5 наурыз күндері Алматы қаласында «Гранд парк» сауда үйінің Концерт залында өтеді.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

- балалар мен жасөспірімдерді аналар мен ару қыздар тақырыбы аясында кеңінен ізденулеріне жол ашу арқылы ізденімпаздыққа баулып, қыз баласы мен аналарымызды қадірлеп-құрметтеуге шақыру;

- ақын-жазушылардың, композиторларлардың  аналар мен қыз-келіншектер тақырыбында жазылған туындыларын қайта жандандыру;

- аналар мен аруларға арнап өлең оқып, ән салғызу арқылы балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген сүйіспеншілігін ояту;

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:

-«Эстрадалық вокал» (вокалды топтар).

-«Көркем сөз».

-«Ақындық өнер».

-«Аспапта ойнау».

-«Дәстүрлі ән».

-«Хореография».

-«Сахналық көрініс».

-«Бейнелеу өнері».

-«Қолөнер».

БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша байқауға қатысушы - аналар мен ару қыздар тақырыбында бір ән жанды дауыста орындайды. Әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Дуэт, трио, квартет және бірнеше құрам санымен топтар қатыса алады. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән флеш  картада болуы тиіс.

«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушы - аналар мен ару қыздар тақырыбы аясында кез келген автордың  бір өлеңін оқиды. Өлең оқуға берілетін уақыт – 2,5-3 минут. Өлеңге  сүйемелдеуші (фоновый) музыка қойылуы міндеттелмейді.

«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы – аналар мен ару қыздар тақырыбында өзі шығарған  бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Өлең оқуға берілетін уақыт – 2,5 – 3 минут.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушылар  еркін тақырыпта кез келген автордың бір туындысын аспапта орындайды. Берілетін уақыт 3-3,5 минут

«Дәстүрлі ән» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта немесе аналар, ару қыздар тақырыбында халық әндерінен, халық композиторларының әндерінен бір әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындауы  шарт. Берілетін уақыт 3-3,5 минут.

«Хореография» жанры бойынша қатысушылар ару қыздар мен аналар тақырыбында немесе  еркін тақырыпта кез келген  бір биді  орындауы қажет.

 «Сахналық көрініс» жанры бойынша қатысушылар аналар мен ару қыздарға байланысты  кез келген көріністі сахналауы қажет. (Кез келген автордың шығармасынан үзінді, ертегілерді, батыр аналар туралы, әйел теңсіздігі тақырыбында, фильмдерден үзінді қоюғада  болады) Қойылымға 5-10 мин уақыт беріледі.

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы аналар мен ару қыздар тақырыбында немесе еркін тақырыпта өз қолымен салған бір және бірнеше туындысын бірге алып келуі тиіс. Өз туындысын таныстыру мақсатында қалай және немен салғанын, суреттің мағынасын түсіндіріп береді.

«Қолөнер» жанры бойынша байқауға қатысушы аналар мен қыздар тақырыбында немесе еркін тақырыпта  өз қолымен жасаған бір немесе бірнеше қолөнер бұйымдарын алып келеді. Бұйымды қалай, қандай материалдан жасағанын түсіндіріп беруі шарт.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

        5 – 7 жас аралығы – бүлдіршін топ

        8 - 10  жас аралығы – кіші топ

        11 - 13 жас аралығы – орта топ

        14 - 16 жас аралығы – жасөспірім топ

        17 - 20  жас аралығы – жоғарғы топ

ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

2019 жылдың  4-5 наурыз күндері өтеді. 4 наурыз - сағат 8.00-9.30-ға дейін келушілерді тіркеу. Сағат 9.30-да байқаудың салтанатты ашылуы және ары қарай жанрлар бойынша  байқау жалғасады.  5 наурыз – сағат 13.00-де байқаудың марапаттау салтанаты.(Бағдарлама уақыты бойынша өзгерістер болуы мүмкін. 3 наурыз күні нақты бағдарлама  электронды почталарға таратылады)

Қатысушының өтініш-сауалнамасы 2019 жылдың 3-ші наурызына дейін ғана қабылданады. Өтініш үлгіде көрсетілгендей етіп толтырылып smmereke@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

ӨТЕТІН ОРНЫ:

Алматы қаласы, Қабдолов көшесі 1/4  (Алтынсарин көшесінің қиылысы)  

«Гранд парк» сауда үйінің Концерт залы. 5-ші  блок.

Байланыс телефондары: +7 701 755 59 35,   +7 702 173 82 56,   +707 818 75 14.  

Электронды почта: smmereke@mail.ru

ЕСКЕРТУ!

Келіп – кету шығыны мен жатар орын шығындарын қатысушы жақ өздері көтереді.

Байқауға қатысушылар міндетті түрде қатысу жүлде жарнасын төлейді:

Жеке қатысушы – 10 000 тг.

Құрам саны 6 адамға дейінгі топтарға – 20 000 тг.

Құрам саны 6 адамнан көп болған жағдайда топтарға – 30 000 тг.

Құрам саны 10 адамнан асқан жағдайда әр адамға – 3000 теңгеден төленеді

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Ұстаздарға, жетекшілерге «Көркем сөз», «Сахна тілі» бойынша байқаудың әділқазылар алқасының төрағасы – Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының  ұстазы, режиссер Талғат Көбеков арнайы шеберлік сабағын өткізеді. 

Шеберлік сабағы түскі үзіліс уақытында өтеді.

Қатысу жарнасы – 4000 тг.

Сабақ алған ұстаздарға арнайы сертификат беріледі.

БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН МАРАПАТТАУЫ:

Бас жүлде – сыйлық және диплом;

І орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

Қатысушыларды дайындаған педагогтарға құрмет грамотасы беріледі

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БАҒАЛАНУЫ:

- байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап, оларға тең төрелік ететін әділқазылар алқасының  мүшелерінің қатарында - өнер қайраткерлері, композитор, ақын-жазушы, әнші, белгілі педагогтар болады;

- қазылар алқасы өнерпаздардың вокалдық ерекшеліктерін, музыканың кәсіби деңгейде өңделуін, дауыс ырғағының кеңдігін, өлең оқудағы мәнерін, сахналық киім үлгісін,

би билеудегі синхронды қозғалысты және көркем суретшінің шебер өнерін қатаң бақылауда ұстайды.

- қазылар  алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

- жинаған сан ұпайы бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;

«Мереке»  балалар мен жасөспірімдер продюсерлік орталығы «Аналар асыл жандар» атты ән-би байқауына

ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты –жөні: (топтың  аты)

 

Толық жасы:

 

 

Облыс, қала, аудан, ауылы:

 

Мектеп:

 

 

Жанры:

 

 

Орындайтын

шығармалары:

 

Шығарманың авторлары

(сөзі, әні)

 

Қатысушының жетекшісі:

 

 

Жетекшінің

тел.номерлері:

 

 

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo