«Инновациялар бағдарламаларына арналған идеялар мен негіздемелер» халықаралық дөңгелек үстелі - 26 қараша
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2020 жылдың 26 қараша күні Өскемен қаласында (онлайн жүйесінде) КЕ АҚ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бірінші ғимаратында (Өскемен қ., 30 Гвардиялық дивизия көш., 34. 333 кабинет) «Инновациялар бағдарламаларына идеялар мен негіздемелер» атты халықаралық дөңгелек үстелдің 3-ші отырысы өтетінін хабарлайды. Үшінші отырыстың тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік инновациялардың мәні мен бағыты».
Бірлескен ұйымдастырушылар: «Қазақстан философиялық конгресі»; Қазақстан философиялық конгресінің шығыс бөлімі жанындағы әдіснамалық зерттеулер мен инновациялық бағдарламалардың халықаралық орталығы; «Диалектика және мәдениет» Ресей философиялық қоғамы; Беларусь ұлттық ғылым академиясының Философия институты; Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті; Қазақстан-Американдық еркін университеті
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы