25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында (HiltonHotelsinAstana) «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ инновациялық Конгресcке және инновациялық жобалар көрмесіне қатысуға ниет білдірушілерді шақырады.
QazIndustryForum аясында жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар ғылыми-технологиялық дамудың, ғылым мен өндіріс/бизнес кооперациясының және олардың экономиканың нақты секторында интеграциялануы, технологиялық болжау жүргізудің негізгі мәселелерін талқылайды.
Бұдан басқа, өнеркәсіп саласында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу проблемалары мен перспективалары, табысты кейстерді талқылау, сандық трансформация бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тәжірибесі сөз болады.
QazIndustryForum жұмысына 500 – ден астам инвестор-делегат, сарапшылар, кеңесшілер, кәсіпкерлер, стартаптардың негізін қалаушылар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 24 және 25 қазанда аталмыш алаңда экономиканың нақты секторында қолданылатын қазақстандық технологиялар ұсынылатын көрме ұйымдастырылады.
Қатысу үшін https://regictration.digitable.kz/ сайтында тіркеуден өту қажет.
Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі