Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«IT-education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция - 20 сәуір

«IT-education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

Күні: 2018 жылдың 20 сәуірінде

Ұйымдастырушы: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Серіктестер: Cisco желілік академия, Қазақстандық IT-компаниялар ассоциациясы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы, Тараз қаласының IT-компаниялары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Инновация және кәсіпкерлік» орталығы және Қазақстанның жетекші университеттері.

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуді жоспарлайды:

  • Ақпараттық-білім беру ортасы: құру модельдері және тәжірибе;
  • Жаппай ашық онлайн курс және ашық білім беру;
  • Кәсіби networking: университеттер үшін бизнес;
  • Білімді бақылау мен бағалаудың электронды ресурстары;
  • Кітапхана ресурстарына ашық қол жеткізу.

Іс-шараға Қазақстанның оңтүстік аймағының жоғары оқу орындарының өкілдері, бизнес өкілдері мен студенттер қатысады.

Конференцияның ресми тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысуға өтініш пен баяндама тезистері 2018 жылдың 2 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген.

Біздін instagram https://www.instagram.com/study_up_vkgu/?hl=ru және facebook https://www.facebook.com/groups/1083449038431459 тіркелініз

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«IT-education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар»

атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

Оңтүстік аймақтың ЖОО ректорларының кеңесі және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2018 жылдың 20 сәуірінде Тараз қаласында өтетін «IT-education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Бұл конференция аясында ғалымдар, оқытушылар мен қызметкерлердің озық IT-білім берудегі технологиялары саласындағы озық тәжірибелерін таныстыру, білім беру қоғамдастығына қатысушылардың тәжірибе алмасуы жоспарлануда.

Ұйымдастырушы: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Ұйымдастыру комитеті: Тіркеу офисі, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті.

Серіктестер: Cisco желілік академия, Қазақстандық IT-компаниялар ассоциациясы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы, Тараз қаласының IT-компаниялары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Инновация және кәсіпкерлік» орталығы және Қазақстанның жетекші университеттері.

Конференцияның мақсаты жоғары оқу орындарында академиялық үрдістерді цифрландыру мәселелерін талқылау және сандық форматтағы университеттерге көшу шеңберінде ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуді жоспарлайды:

  • Ақпараттық-білім беру ортасы: құру модельдері және тәжірибе;

  • Жаппай ашық онлайн курс және ашық білім беру;

  • Кәсіби networking: университеттер үшін бизнес;

  • Білімді бақылау мен бағалаудың электронды ресурстары;

  • Кітапхана ресурстарына ашық қол жеткізу.

Іс-шараға Қазақстанның оңтүстік аймағының жоғары оқу орындарының өкілдері, бизнес өкілдері мен студенттер қатысады. Конференцияға қатысушылар баяндама (10 минутқа дейін) жасай алады, конференция тақырыбы шеңберінде мәселелерді талқылауға қатыса алады.

Конференция материалдары www.tarsu.kz сайтында жарияланады, әрбір қатысушысертификат алады.

Конференцияның ресми тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысуға өтініш пен баяндама тезистері 2018 жылдың 2 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Тіркелу үлгісін Конференцияның сайтынан көруге болады.

Қатысу формасы – тегін.

Бағдарлама қатысуға өтініш берген барлық үміткерлерге 2018 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей электрондық поштаға жіберіледі.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8(726)2 45-95-95, 8(726)2 43-16-40, 8(726)2 45-04-02, e-mail: ite_tarsu_2018@mail.ru

Оргкомитет 
 
Қазақ
× You found a Typo