Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«IV Өлкетану оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы -11 желтоқсан

ШҚУ-да «IV Өлкетану оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

2020 жылдың 11  желтоқсанында  «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ өлкетанушы-ғалым, педагог  Р.С.Федороваға арналған «IV ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға қатысуға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, магистранттар, студенттер, өлкетану мәселелерімен айналысатын  зерттеушілер шақырылады.

Конференция бағдарламасы келесі бағыттарды қарастырады:

1. Өлкетанушылық зерттеулердің пәнаралық тәсілдері. Тарихи – мәдени мұраны сақтау және зерттеу.

2. Өлкетанушылық қозғалыс. Өлкетанушылар қызметі.  Өлкетану тарихы, ұйымдастыру түрлері, қазіргі жағдайы мен даму болашағы.

3. Шығыс Қазақстан: деректері, тарихнамасы, зерттеу тәсілдері мен тәжірибесі.

4. Білім беру саласындағы өлкетанушылық жұмыстың теориясы мен тәжірибесі. Мектептегі өлкетану мәселелері.

5. «Өлкетану» курсын оқытудың өзекті мәселелері: теория мен тәжірибе.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция онлайн форматында өтеді. Конференцияның басталуы сағат 11.00-де.

Ұйымдастыру комитеті

Ақпараттық хат 

Қазақ
× You found a Typo