Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

#JASSTAR ФОРУМЫ - 20 қараша

#JASSTAR ФОРУМЫ - 20 қараша

20 қараша кітапханада #JASSTAR ФОРУМЫ – Қазақстандағы Жастар жылын қорытындылауға арналған Форум өтеді. Кітапханада күні бойы жастармен әрі жастарға арналған алуан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Форум ұйымдастырушылары түрлі саладағы жас көшбасшыларды Жастар жылында қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, ең алдымен, гүлденген, қазіргі заманғы, мықты мемлекеттің лайықты азаматы болу үшін өздерінің жеке әлеуетін арттыру әрі тұлғаны дамыту үшін жасалған іс-әрекеттерін көрсетуге шақырды.
Танымал дәрігер әрі бір тұлғадағы ақын, түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары – жас суырып салма ақындар, студент әрі әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі регбист-спортшы, саяхатшы әрі актер, жастардың әуесқой бейне-фильмдерін түсірген студент-блогердің жетістіктері еліктеуге үлгі болары сөзсіз.
20 қараша 14.00-де кітапхананың мәжіліс залында сегіз қырлы азамат – дәрігер, ақын, әнші Марғұлан Қалиевпен шығармашылық кездесу өтеді. Біздің кейіпкер Күршім ауданы Топтерек ауылында дүниеге келіп, С. Асфендияров атындағы Алматы медициналық институтын тәмамдап, қазір Өскемен қаласында тұрады. 2018 жылы М. Қалиевтың «Әке мен бала: жыр мен сыр» атты кітабы жарық көрді. Аталған еңбекке Марғұланның өзінің және әкесі, ұстаз – Зейнелғарап Қалиевтың өлеңдері, аңыздар мен бата-тілектер жарияланған. Сондай-ақ, кітапқа шежіре – Топтерек ауылы тұрғындарының генеалогиясы енген. Автордың туған ауылында "Әке мен бала: жыр мен сыр" кітабының тұсаукесері сәтті өтіп, Марғұлан тұлғасының патриот ретінде бірегейлігін, ауыл тұрғындарының тарихына, өмірі мен тағдырына бей-жай қарамайтын азамат екендігін дәлелдеді. Кездесуге белгілі М. Қалиевты жақсы танитын әрі оны тұлға ретінде кеңірек ашуға ықпал ететін журналистер Асира Нажмаддинова, Мерей Қайнар, кәсіпкер Жанарбек Білімбаев келеді.
15.30-да кітапхананың Білім орталығында жас ақын-айтыскерлер Ардабек Ақбаба (Зайсан), Фархад Маратұлы (Көкпекті), Қуаныш Еркінұлы, Жұлдызай Маратбекова (Өскемен) мен "Тамшы" клубының мүшелері өздерінің суырып салма өнерлерін ортаға салады.
16.00-де мәжіліс залда Шығыс Қазақстанның креативті жастары - әлем чемпионы Серікбол Ермеков, халықаралық дәрежедегі регбиші Алена Копейкина, автостоппен әлем бойынша саяхатшы әрі актер Константин Сергеев "Арманда. Ұмтыл. Дамы" атты ұранмен өздерінің әуестіктері туралы кеңінен әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Сағат 16.00-де лингвист-мамандар Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқыту орталығында "Тілтаным" атты оқыту сабағын өткізеді.
17.30-да С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Л.И. Абдуллина ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының оқу залында жас көшбасшылар үшін "Наука убеждать" атты дәріс оқиды.
18.00-де жастар кітапхананың мәжіліс залында блогер, режиссер, сценарист «Әлішер Мишелевпен кешкі променадқа" жиналады.
Форумға Өскемен қаласының барша жастарын – университеттер мен колледж студенттерін, жоғары сынып оқушыларын және жанымен жас әрі ғылым мен білімге құштар жастарды шақырамыз.

 А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 

Қазақ
× You found a Typo