Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қабылдау комиссиясының көші басталды - 1-20 маусым

2018 жылдың 1 маусымынан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті өткен жылғы мектеп  түлектерінен, өткен және ағымдағы жылдың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледж) бітірушілерінен кешенді тестілеуге қатысу мақсатында өтініш пен құжаттарды қабылдау жұмысын бастады.

Жұмыс уақыты 2018 жылдың Білім және ғылым министрлігінің нұсқау құжаттарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес 1-20 маусым аралығында өткізіледі.

Қабылдау комиссиясының шараларын бастау мақсатында қызметкерлердің жұмыс орындары, техникалық қамтамасыз ету  істері жүзеге асырылып, техникалық хатшылар құрамы үшін оқыту-машықтандыру, құжат қабылдау шеберлік кластары өткізілді.  Университеттің белсенді жастарынан кеңес беру тобы құрылып, нормативті құжаттарға министрлік нұсқауларында көрсетілген талаптарға сай өзгерістер енгізілді.  

БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының талапкерлерді кешенді тестілеуге тіркеу жаңа енгізілген веб-онлайн жүйесін техникалық хатшы қызметі табысты қолдануды қолға алып, жүзеге асыруда.  Қабылдау комиссиясының  жұмыс уақыты сағат 8.30-18.00 аралығында, сондай – ақ, сенбі күндері де талапкерлер үшін қызмет етуге дайын.

Талапкерлер назарына факультеттер тарапынан күнделікті жаңартылып, толықтырылып отыратын буклеттер орналасқан ақпаратты жылжымалы бұрыштар ұйымдастырылды. Қабылдау науқанының мерзімдері, күтіліп отырған 2018 жылдың Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдау типтік ережелерінде көрсетілген мерзімдерге сәйкес толықтырылып, өзгертулері болу ықтималдығына  байланысты, міндетті түрде анықталып қосымша хабарланады.  

Қабылдау коммисиясы

 

Қазақ
× You found a Typo