Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қайым Мұхамедхановтың қызымен кездесу

27 қазан сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедханмен кездесу өткізіледі. Жазушының  100 жылдық мерейтойына орай өткізілген жүздесуде Дина Мұхамедхан әкесінің  мол адами қасиеттері, әдебиеттегі ерен ерлігі жайында әңгімелейді. 

Дина Мұхамедхан – Алматы қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры. Д. Мұхаметханқызы абайтанудың негізін салушы, ғалым-шәкәрімтанушы, Қазақ ССР-і мемлекеттік гимнінің сөзін жазған автордың әдеби мұрасын сақтау және есте қалдыру ісімен айналысады,  жастармен, студенттермен жиі кездесіп, әкесі жайында терең әңгімелейді.

Қ.Мұхамедханов өзінің өмірін, отбасының тыныштығын тарихи шындық, ғылым мен әдеби құндылықтарды сақтау жолында құрбан етті. Бұл – азаматтық құқық пен қайсар ерік-жігер,  ғылым жолы мен азаматтық ұстаным үшін күрестің тағылымды үлгісі болды.  

 «Ұлтының асқан білгірі, дара жүйрік Қайым Мұхамедхановтың өмірі  кітап жазып,  фильм түсіруге лайықты. Тәуелсіздік бізге өздігінен келген жоқ. Ол үшін үлкен күрестер жүргізуге тура келді. Оның келбетінен біз тәуелсіздік құндылықтарын көреміз, біз оны сақтап қалуға тиіспіз. Бізге бұл бүгін де, келешек үшін де керек. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы  –  өміршеңдік, шынайы ақиқат, ерік-жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері, -  деген еді белгілі қазақ жазушысы және аудармашы Г. Бельгер.  

Дина Мұхамедханның педагог ретіндегі пікірі - жастардың бойында адамгершілік, азаматтық ұстанымдарды терең қалыптастыру үшін,  оларға биік демократиялық құндылықтар, өткен кезеңнің тарихи оқиғалары, саяси тұтқындар тағдыры, алдыңғы ұрпақ  бастан кешкен  тән мен  жан азабы жайында жиірек әңгімелеу керек.  

Кездесуге студенттер, жастар, жоғарғы сынып оқушылары шақырылады.  

   А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы                                                                  

Қазақ
× You found a Typo