- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (әкімшілік корпус) Қазақстан к. 55.
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 25 қыркүйек , сағат 11:00.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы.
Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысын студент-жастары
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қол қойылған жол картасында белгіленген жобаларды іске асыру аясында 2018 жылғы 25 қыркүйекте Өскемен қаласында Қор өкілдерінің облыс студент-жастарымен кездесу жоспарлануда.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес, 25 қыркүйек сағат 11:00-де (Қазақстан к.,55) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында «Астана – ұлы дала жауһары» атты фотокөрмесі, Қордың жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары – Жапаров Сухрабтың Қордың және Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, жыл сайын өткізілетін конкурстар мен іс-шаралар жөнінде тұсаукесері, Қордың жанындағы Шығармашыл жастар кеңесі төрағасының орынбасары – Тасбергенова Гауһардың Шығармашыл жастар кеңесі қызметінің таныстырылымы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры – Шәуеев Азаттың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша «Кім білгіш?», «QAZAQ LATYN KEYBOARD», «QAZAQSTAN3D», «RESMIHAT.KZ» және т.б. жобаларының таныстырылымы өткізіледі.
Сағат 15:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратының (30 Гвардиялық дивизия к.,34) 218 аудиториясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметінің басшысы Ақерке Берлібайдың «Әлеуметтік медиа: SMM және PR цифрланған әлемдегі үздік тәжірибесі» өңіріміздің журналистика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында шеберлік сабағы ұйымдастырылады.
16:30-да С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бас ғимаратының (30 Гвардиялық дивизия к.,34) №111 аудиториясында «FinTech Group» компаниясының өкілдері – Шоқан Құсайынов және Абзал Оспанов, Қазақстандағы перспективті «блокчейн» технологиялары жайында ақпараттық технологиялар мамандығында оқитын студенттерге арналған семинары өтеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының іс-шараларын 25 қыркүйекте
Өскемен қаласында өткізу бағдарламасы
11:00 |
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің фойесі |
«Астана – ұлы дала жауһары» фотокөрмесі
|
11:30
|
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мәжіліс залы(500 орын)
|
Қордың қызметі туралы фильм
|
11:50 – 12:10
|
Жапаров Сухраб – Қордың жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Қордың және Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, жыл сайын өткізілетін конкурстар мен іс-шаралар жөнінде тұсаукесер өткізу
|
|
12:10 – 12:25 |
Тасбергенова Гауһар – Қордың жанындағы Шығармашыл жастар кеңесі төрағасының орынбасары, Шығармашыл жастар кеңесі қызметінің таныстырылымы |
|
12:25 – 12:35 |
Шәуеев Азат – Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша «Кім білгіш?», «QAZAQ LATYN KEYBOARD», «QAZAQSTAN3D», «RESMIHAT.KZ» және т.б. жобалары арқылы іске асыру.
|
|
12:35 – 12:40 |
Қор бейнеролигі (келісім бойынша) |
|
12:40 – 12:45 |
Естелік үшін жалпы фото |
|
15:00 – 16:00 |
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (30 орын)
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметінің басшысы Ақерке Берлібайдың «Әлеуметтік медиа: SMM және PR цифрланған әлемдегі үздік тәжірибесі» шеберлік сабағы
|
16:30 – 17:30 |
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (100 орын)
|
Шоқан Құсайынов және Абзал Оспанов «FinTech Group» - компаниясының өкілдері, Қазақстандағы перспективті «блокчейн» технологияларына арналған семинар |
Ұйымдастыру комитеті