- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2017. ж «2017 жылға жоғарғы оқу орындарына Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын тағайындау» №116 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 20 шәкіртақы бөлінді.
Конкурска күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 (5) курс студенттері қатыса алады.
Конкурска қатысу үшін үміткерлерге өз деканаттарына барып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
факультет деканының конкурска қатысу үшін ұсынысы (мінездеме);
транскрипт;
халықаралық, республикалық олимпиадаларға, конкурстарға (шығармашылық, спорттық) қатысқан мадақтама грамотталарының копиясы;
ғылыми жұмыстарының жинақтағы публикациясы (мақалаларының копиясы);
диплом, грамота, сертификат, куәлік копиялары:
- ғылыми-зерттеушілік жұмыста белсене қатысқаны үшін;
- университеттің спорттық және мәдени, қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін.
Стипендия бір академиялық кезеңге қарастырылған–01.01.2017 жылдан 30.06.2017 жылға дейін.
При равных условиях преимущество имеют:
жетім балалар және ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар;
кішкентай кезінен мүгедек және мүгедек балалар.
Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 16 маусымы сағат 18.00-ге дейін іске асырылады.