Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 05.05.2020ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» №183 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 50 шәкіртақы бөлінді.

Конкурска күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 курс студенттері қатыса алады.

Конкурска қатысу үшін үміткерлерге өз деканаттарына барып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. факультет деканының конкурска қатысу үшін ұсынысы (мінездеме);
  2. транскрипт;
  3. халықаралық, республикалық олимпиадаларға, конкурстарға (шығармашылық, спорттық) қатысқан мадақтама грамотталарының копиясы;
  4. ғылыми жұмыстарының жинақтағы публикациясы (мақалаларының копиясы);
  5. диплом, грамота, сертификат, куәлік копиялары:

- ғылыми-зерттеушілік жұмыста белсене қатысқаны үшін;

- университеттің спорттық және мәдени, қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін.

Стипендия бір академиялық кезеңге қарастырылған – 01.07.2020 жылдан 31.12.2020 жылға дейін.

Тең жағдайларда басымдыққа ие:

  • жетім балалар және ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар;
  • кішкентай кезінен мүгедек және мүгедек балалар; 

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 24 маусым сағат 18.00-ге дейін іске асырылады. 

Қазақ
× You found a Typo