Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар

5-7 қазан аралығында Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында (Қазақстан көшесі, 55) қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар өтеді.

Семинардың мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.

Тыңдаушылар контингентін Шығыс Қазақстан облысының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері құрайды. Семинар аясында дәрістер, тренингтер және тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Қазақ
× You found a Typo