- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есім» жобасын жасауды ұсынды. Бұл жобада елеулі табыстарға жеткен және қоғамның дамуына үлес қосқан адамдардың тарихы көрсетілген.
Конкурска қатысушылардың қатарында, біздің әріптесіміз, физико-математика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасының инженер-зерттеушісі Альмира Жилкашинова бар.
Альмира Жилкашинова еліміздің атақты ғалымдарымен бірлесе отырып гибридтік жел электр станциясының үлгісін ұсынды. Құрылыс молекулалық энергетиканың заңдарына негізделген. Жобаның мәні мынада, бумен және қысылған ауамен өндірілетін электр энергиясы дәстүрлі жел генераторына қарағанда тиімді және үнемді. Бұл өнертабысқа ҚР патенті алынды.
Альмира Жилкашиноваға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында «Ғылым» бөлімі http://100esim.el.kz/ru/reg сілтеме бойынша дауыс беру болады.