Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Қазақстанның құрметті педагогы» республикалық байқауы

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ 03.03.2020 ЖЫЛҒЫ № 843-5-1666/11-4 ХАТЫ НЕГІЗІНДЕ «BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ӨТЕТІН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ШАҚЫРАМЫЗ!
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтарының арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!
Байқауға қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО мен колледж оқытушылары байқауға қатысу мүмкіндігіне ие!
КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАПАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Байқау талаптары: Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3-жақта жазылған), (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс) соңғы 3 жылдағы, 3\4 форматтағы сапалы суретін және жаңартылған бағытта өткізген ашық сабақтарының бірін жіберуі қажет (сабақ барысында түсірілген фото-суретер JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс). 2020 жылдың 15-ші қазан айына дейін Bilim_astana_2019@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады.
Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады). Байқауға қатысушылар иеленеді: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» республикалық педагогтардың өміраяны енгізілген түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі және педагогқа қолдау көрсеткен үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.
Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2020 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді.
Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтар» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы қазанға дейін іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табыс етіледі. Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety Ұйымдастырушылар алқасы: 8 747 702 52 62, 8 778 742 74 40 Өтініш кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс! 
Ұйымдастыру комитеті 
Қазақ
× You found a Typo