- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары М.М.Тәжиннің төралығымен 2017 жылғы 11 қыркүйекте өткен кеңес Хаттамасының 2.3.4 тармағын орындау мақсатында 2017 жылдың 26 қазанынан 5 қарашаға дейін «Журналистика» мамандығы студенттері арасында «Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі» тақырыбына үздік эссе байқауы Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасымен өткізіледі.
Үздік жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ЭССЕ ТАЛАПТАРЫ
Жұмыстарды қабылдау талаптарына сәйкес эссе көлемі 2 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта қабылданады. Эссе Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі:
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес жұмыстар қарастырылмайды.
Эссенің электрондық және қағаз нұсқасын жіберу:
Файлдың атауында бірінші автордың аты жөні және курс жазылуы тиіс, мысалы: Қасымова Г.К., 3 курс.
Құрметті байқауға қатысушылар!
Сізерге жеңіске жету үшін оптимизм мен табыстар тілейміз!
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы