Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетелдіктерді оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама
Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның іске қосылғанын хабарлайды (ҚР БҒМ 29.08.2019 ж. №389 бұйрығы).
2020 жылы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту қарастырылған. Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 наурызы мен 1 маусымы аралығында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады https://enic-kazakhstan.kz
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ шетелдіктерді оқытуға арналған стипендиялық бағдарламаның қатысушысы ретінде шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.
Шәкіртақы бағдарламасының операторы – БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Сілтеме бойынша құжаттарды берудің қадамдық нұсқаулығы https://enic-kazakhstan.kz.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетелдіктерді оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама