С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың 100 жылдығына арналған «Тұтқабай Әшімбаев: естеліктер» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.
Өтетін күні, уақыты және орны: 26 наурыз, сағат 15.00, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, №218 кабинет.
Дөңгелек үстел жұмысына өз өмірлерін ел мүддесі үшін қызмет етуге арнаған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғам қайраткерлері және еңбек ардагерлері қатысады.
Ұйымдастыру комитеті