Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Кітапхана түні» акциясы - 21 желтоқсан

Кітапханадағы қысқы түн

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Жаңа жылдық мереке қарсаңында. 21 желтоқсан күні сағат 18.00-23.00 аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ бастамасымен «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылады.

Жылдың ең ұзақ түні алдында кітапхана барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алады. Мейрам әсем би мен көбік шоуынан басталады. Кітапхана түні қонақтарды оқырман билеттерімен сыйлықтар ойнату, концерттік номерлер, ұлттық костюмдермен фотосессия жасау, тағы да басқа көптеген қызықты ойындар мен көңіл көтерулер күтеді.

Кішкентай оқырмандар «Кітап беттерінен қазына іздеу» танымдық ойын-саяхатына қатысып, сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат жасайды.

Зияткерлік демалысты қалайтындарды кітапхана «Кітапты кім алады?» викторинасына қатысып, латын қарпіне арналған «Spelling Bee» мини-конкурсында әріптерді дұрыс атауға, «Парасат ойыны» үстел ойындарын ойнап, «Барыс» дебат клубында пікірсайысқа қатысуға шақырады.

IT-технологиялардың білімқұмар жанкүйерлері MakerSpace шеберханасында интерактивті шеберлік-сағаттарына қатысып, 3D-сканер, фрезер станогының қалай жұмыс істейтінін көріп, өз бетімен ДК жинауды үйренеді.

Кітапхана түнінде қалауынша «Арт-квартал» бойымен серуендеп, портрет салдырып, сурет салып үйренуге, бардтардың авторлық әндерін тыңдап, караоке-клубта ән шырқауға болады.

 «Ауыл кеші көңілді» еркін микрофоны киіз үйде жақсы көретін әндерін орындап, өлеңдер оқуға шақырады.

Сұлу бойжеткендеріміз «Әсемдік пен денсаулық салонында» косметологтар мен визажисттерден кеңес ала алады.

Сонымен қатар, қонақтарға «ойталқы жаттығуларына» арналған алаң да дайындалған: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ турнирлері және т.б. Қызықты оқиғаларға құмар ең батылдар өздерін «Жаңа жылдық детектив» квест-ойынында сынауға болады, ал спортсүйер қауымды «Қысқы фитнес» сабағы күтеді.   

 «Мейрамдық тәттілер» кафесінде кәсіби психолог пайдалы кеңестер бере отырып, қонақтарды  ыстық шай және ақысыз тортпен сыйлайды.

Ал «Барлығы да Жаңа жыл туралы» кітап көрнмесінен әркім өзіне қызықты пайдалы ақпаратты таба алады. Кітапхананың «Шеберлер мектебі» пайдаланушылардың қолынан шыққан қолданбалы өнер туындылары көрмесін ұсынады. Түнгі қонақтарымызға сыйлықтар мен тосынсыйларды ұйымдастырушы ретінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы дайындады.

Жылдың ең ұзақ түні қарсаңында ұйымдастырылған кітапхана түні студенттер мен жасотандықтар, біздің тұрақты оқырмандарымыз үшін жаңа жыл алдындағы естен кетпес мейрам болары сөзсіз!

Қымбатты достар, «Кітапхана түні» акциясына хош келдіңіздер!

Кездесу орны – 21 желтоқсан, сағат 18.00 А.С. Пушкин атындағы кітапхана!

Анықтама тел.: 261333, ішкі 119, +77051730771.                                                                                                                                      

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан  облыстық  кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo