Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы - 10-30 қазан

Қымбатты студенттер, оқытушылар, қызметкерлер!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 10-30 қазан аралығында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізеді.

Акция мақсаты – кітапхана қорын толықтыру.

Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады.

Біз аса зор қуанышпен мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдеріндегі 2010 жылдан ерте емес басылымнан шыққан, университет бағдары бойынша заманауи отандық және шетелдік оқу және ақпараттық басылымдарды, көркем әдебиеттерді, ноталық басылымдарды қабылдаймыз. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!

Акция қорытындысы университет сайтында шығады.

Кітаптарды қабылдау кітапхананың жұмыс істеу уақытында № 1 оқу ғимаратындағы № 216 аудиторияда, сонымен қатар барлық оқу ғимараттарындағы кітапхана бөлімшелерінде жүргізіледі.

Қосымша ақпаратты қорларды жинақтау және кітапханалық өңдеу бөлімінен алуларыңызға болады. Тел.: 540-421 (№104 ауд.), http://library.vkgu.kz/.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo