ҚЫМБАТТЫ ДОС!
Бүкіл әлем бойынша коронавирустық инфекцияның өршуіне және біздің елімізде тіркелген жағдайларға байланысты Сіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз:
- Дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
- Бөлмені күніне кемінде 2 рет желдету;
- Күн сайын бөлмеге ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу;
- Қолды сабынмен жиі жуу;
- Мүмкіндігінше, көзді, мұрын мен ауызды қолмен ұстамау;
- Жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану.
- Жөтеліп немесе түшкірген кезде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе зарарсыздандырғыш майлықтармен өңдеу;
- ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, құрғақ жөтел, қалтырау, дененің сырқырап ауыруы, тұмау және т.б.) үйде қалып, өзін-өзі емдеумен айналыспау, міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
- Короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call-орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алуға болады.
- Сондай-ақ, ШҚО бойынша тәулік бойы медициналық call-орталық жұмыс істейді: 8 (7232) 701-131 және 8 (7222) 600-500.
Егер сіз үйге қайтуды шешсеңіз, ең алдымен Сізге:
- Топ кураторына жатақхана комендантына өз ниетіңіз туралы хабарлау керек;
- Бөлмені жуып-жинау керек;
- Жеке заттарыңызды сақтау камерасына тапсыру керек.