2020 жылдың 21 ақпанында, 15.00-де, №1 оқу ғимараты, 218 ауд. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті және ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының соңғы курс студенттеріне арналған бос орын жәрменкесі өтеді.
Студенттерде осы мекемелерге іріктеу және жұмысқа орналастыру рәсімін білу және жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы