Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналып өткізілетін «Көшбасшылық: асқақ арманмен шабыттанғандар» атты қоғамдық дәрістің баспасөз релизі - 24 караша

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналып өткізілетін «Көшбасшылық: асқақ арманмен шабыттанғандар» атты қоғамдық дәрістің

2017 жылдың 24 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Өскемен қ. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Көшбасшылық: асқақ арманмен шабыттанғандар» атты қоғамдық дәріс өткізеді.

Қоғамдық дәрістің мақсаты – білім алушылардың әлеуетін арттыру, идеялары аймақтың және жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бастамашы тұлғаны қалыптастыру.  

Кез-келген университет білім беру мекемесі ғана емес, тәрбиелеу институтының рөлін қоса атқарады. Қазақстан даму тарихының жаңа кезеңіне аяқ басқан тұста  еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісімен қатар, Елбасының көреген саясатын жалғастыратын, өзіндік тың идеялары бар көшбасшы жастар легін қалыптастыру ісіне де көңіл бөлінуі тиіс. Сананы сілкіндіретін, «қалғып кеткенді»  селт еткізетін, ескіні жаңартатын, білім мен қарім-қабілетті қаруындай сайланатын ұл-қыздарға әр салада үздік атануы үшін мүмкіндіктер туғызу – қоғамдық дәрістің нысанаға алған негізгі мақсаттарының бірі.

Кездесу қонағы – «Zerek» дербес даму орталығының бас директоры, бизнес-тренер, тренер-мотиватор Аманжолов Бекарыстан  

Қоғамдық дәрістің өтетін орны және уақыты: Өскемен қ., Қазақстан к., 55 (ШҚМУ әкімшілік ғимараты), акт залы, сағ.15.00

Байланыс телефондары: 8-777-515-17-71; 8 (7232) 241-401, ішкі – 125 – Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы. 

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo