- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, биылғы және өткен жылғы мектеп және колледж бітірушілер!
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғары оқу орнына күндізгі, сырттай, кешкі мерзімде (вечерняя), қашықтықтан оқыту түрлеріне оқуға түсу үшін биылғы жылдағы өтетін шаралардың мерзімдерін хабарлайды:
кешенді тестілеу - 2018 жылдың 1-20 маусым аралығында, тестілеудің өткізілуі - 14-18 шілде аралығында, "Музыкалық білім," "Дене мәдениеті және спорт", "Бастапқы әскери дайындық", "Журналистика" шығармашылық мамандықтырына құжаттарды қабылдау 20 маусым - 7 шілде аралығында, емтихандарын өткізу - 8-13 шілдеде.
Барлық биылғы жылы оқуға түсуші тұлғаларға жоғарыда аталған мерзімдерді хабарлауларыңызды сұраймыз.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
2018-2019 оқу жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ келесі шығармашылық
мамандықтарға құжаттар қабылдайды:
· 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық»
· 5В050108 «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт»
· 5В010600 «Музыкалық білім»
· 5В050400 «Журналистика»
Шығармашылық емтихандар туралы ақпарат
Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан орны бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
5В010600 «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ»
Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
Кәсіби қызмет түрлері:
5В010800 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ спорт»
Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
Кәсіби қызмет түрлері:
5В010400 «АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ»
Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
Кәсіби қызмет түрлері:
- оқу орны (арнаулы-орта және техникалық-орта)
- әскери бөлімде және Қорғаныс Министерлігінің, ұйымдарында, Ішкі Істер министрлігінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери келісім-шарт қызметі.
5В050400 «Журналистика»
Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
Кәсіби қызмет түрлері:
Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.
Қабылдау коммисиясы
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы