Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті білімқұмар жастар!

Құрметті білімқұмар жастар!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі  2018-2019 оқу жылына дайындыққа шақырады. Дайындық бөлімі университетте 17 жыл жұмыс атқарып келеді, білікті ұстаздар тыңдаушыларды барлық пәндер бойынша кешенді тестілеуге, білім беру грантының иегері болуға дайындық жүргізеді. Университет шетел қазақ жастарын Студенттер үйінде жатақ орынмен қамтамасыз етеді.

Құжат өткізу мерзімі: 01.08.2018 ж.-05.09.2018 ж.

Тест тапсыру мерзімі: 10.09.2018 ж.-15.09.2018 ж.  

Сабақ басталу мерзімі: 01.10.2018 ж.

Өткізуге тиісті құжаттар тізімі:

  1. Шетелге шығатын паспорттың түпнұсқасы мен аудармасы;
  2. Азаматтық жеке куәлік түпнұсқасы мен аудармасы:
  3. Орта білім туралы құжат (аттестат) түпнұсқасы мен аудармасы;
  4. 086-медициналық анықтама және өкпенің рентген суреті;
  5. 3*4 көлемдегі 6 фотосурет;
  6. Ұлты қазақ екеніндігін растайтын анықтама (грант иегері болған жағдайда оқу визасын тегін аштыру үшін қажетті құжат) түпнұсқасы мен аудармасы;
  7. Тезтікпе (скорошиватель) мен конверт (құжаттарды тігіп жинақтау үшін).

Байланыс телефоны: 8 776-212-5937, 8 778-735-9865.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo