Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздердің назарларынызға Конрад Аденауэр атындағы Қорының Sur Place бағдарламасын ұсынуға қуаныштымыз. 

Бұл бағдарламаның көмегімен Конрад Аденауэр атындағы Қоры тек қана өздерінің оқудағы қабілеттілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар еліміздің саяси және әлеуметтік өміріне күшін және бар ықыласын білдіруге дайын дарынды жастарға қолдау көрсетеді.
Sur Place гранты 5 айлық мерзімге берілетін айлық өтеусіз ақшалай төлемдер болып табылады.
SUR PLACE грантын тағайындау сайысына Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын, өтінім берер уақытта жасы 30-дан аспаған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын студенттер қатыса алады.
Толығырақ ақпаратты қоса бекітілген файлдан таба аласыздар.
Егер осы ақпаратты әріптестеріңіздің және ықтимал мүдделі тұлғалар арасында таратуға мүмкін болса, біз Сізге ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметпен, Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігі

Қазақ
× You found a Typo