Құрметті студенттер!
Корея ғылым және технология институты (KIST) 6 айлық іс-тәжірибеден өтуді, ағылшын тілі курстарын (студенттерге магистрантура және доктарантураға өту кезінде ағылшын тілінен ресми нәтиже алуға көмектесу үшін), кәріс тілінің бағдарламасын және ғылыми зерттеу саласында оқытуды ұсынады.
Іс-тәжірибе бағдарламасын үш бағытта өтуге болады – биомедицина технологиясы, қоршаған орта және энергия, нанотехнологиялар және ақпарат.
Өтінімдер 2019 жылдың қаңтар-наурыз аралығында қабылданады, іс-тәжірибеден өтудің басталуы – 2019 жылдың шілде айы.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық және шетел студентерін тарту бөліміне 24-16-97 телефон нөмірі арқылы, mezhdunar_otdel@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласа аласыздар.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БӨЛІМІ