Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті зерттеушілер мен басқа да мүдделі тұлғалар!

British Council мен «Ғылым қоры» АҚ «Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасы аясында Институционалды байланыстар конкурсының ашылғанын жариялайды. 

Гранттың бұл түрі Қазақстан мен Ұлыбританияның ұйымдары арасында топтық, ведомстволық, институционалды деңгейде сонымен қатар коммерциялық және бейкоммерциялық секторларда зерттеушілік және инновациялық байланыстарды дамытуға арналған.

Қазақстан мен Ұлыбритания мекемелерінің әріптестіктеріне көмектесуге берілетін гранттың сомасы 50 000-нан 300 000 фун стерлингке дейінгі соманы құрайды және 4 айдан 2 жылға дейнгі мерзімге үйлестіріледі. Гранттар зерттеушілік және инновациялық әріптестіктерге жұмсалған шығындарды және сонымен қатар келесі шығындарды өтеуге беріледі:

·        Зерттеуді өткізумен байланысты туындаған шығындар

·        Зерттеушілермен, студенттермен және өндірістік мекемелердің қызметкерлерімен (шағын және орта бизнес мекемелерін және коммерциялық емес ұйымдарды қоса) алмасуға жұмсалған шығындар 

·        Жиналыстарды, семинарларды, тренингтерді ұйымдаструға жұмсалған шығындар

·        Және әріптестік қатынасты құруға байланысты жұмсалған басқа да шығындар  

Соныман қатар басқа да іс-шаралар бойынша шығындар өтеледі. Өтелетін және өтелмейтін іс-шаралардың толық тізімімен танысу үшін үстінде берілген сілтеме арқылы конкурс нұсқаулығына назар аударыңыз.

Бұл конкурс бойынша өтінімдер 2016 жылдың 27 маусым, Лондон уақытымен сағат 16.00 дейін қабылданады.

 Осы ақпараттарды әріптестеріңіз бен басқа да мүдделі тұлғалар арасында таратқаныңыз үшін алғыс айтамыз. 

Конкурсқа байланысты сұрақтарыңыз болса немесе «Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасы туралы көбірек білгіңіз келсе келесі электронды адрестер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: newton-al-farabi@kz.britishcouncil.org или b.karimkyzy@science-fund.kz

 Құрметпен, «Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасы тобы.

Қазақ
× You found a Typo