Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті ЖОО студенттері

«Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық«Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағыныңІ-ші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

            Құжаттар:

  • Ғылым саласында
  • Өнер саласында
  • Спорт саласында
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері)

жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

            Кітап жинаққаРеспублика көлеміндегі ЖОО студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

            Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент 2018» төс белгісі және Құрмет грамотасы беріледі.

            Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3 жақта жазылған), 2 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4*5 форматтағы сапалы суретін 2018 жылдың 31-ші наурызына дейін uzdik2018@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс(Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамотажіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, грамота, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі(9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап жинақтың таныстырылымы 2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік студенттер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы сәуірге дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі.

Ескерту!!!

Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.  

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: +77712478227 Нұркен, +77754369942 Елнұр.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Үлгі

 

 

 

Место

 

 для

 

фото

 

Алмат Алмасбеков

 

1992  жылы 15 қарашада дүниеге Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген.

1998-2009 жылдары Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында №13 мектепте оқыды. 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне әлеуметтік ғылымдар факультетіне оқуға түсті.

        Алмат Алматұлы «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі. Астана-Алматы, VII Қысқы Азия ойындарының еріктісі(волонтер).

      Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. РФ, Новосібір облысында өткен халықаралық «Наследие» атты студенттер конференциясының 1 орын иегері. Алматы қаласында студенттер арасында өткен спорттық жарыстың жүлдегері. 2015 жылы Мәскеуде өткен «Ломоносов» оқуларының 2 орын иегері. Астана қаласында өткен қалалық студенттер арасындағы қол күрестен 1 орын иегері. Иркутск қаласында өткен халықаралық студенттер фестивалінің қатысушы...........

Қазақ
× You found a Typo