Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құттықтаймыз! Құрметті Токтар Анкиевич!

Құрметті Токтар Анкиевич!

Сізді 70 жасқа толған торқалы мерейтойыңызбен  университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің өмір жолыңыздағы еңбек сүйгіштігіңіз, ғылымдағы жетістіктеріңіз,  парасатты да рухы биік студент жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі қызметіңіз - біз үшін үлгі. Сізді өмір тәжірибесі мол, кемел ойлы тұлға деп танимыз. Университет қабырғасында кәсіптік қызметтің барлық кезеңдерінен, атап айтсақ аға оқытушылықтан бастап  доцент, экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі, экономика және құқық институтының директоры, экономика және қаржы факультетінің деканына дейін абыроймен өттіңіз.

Сіздің өмір тәжірибеңіз, іскерлігіңіз, адамдармен қарым-қатынас жасай білуіңіз, жоғары мәдениеттілігіңіз, университет тарихына деген сүйіспеншілігіңіз сияқты бойыңыздағы ізгі қасиеттер - өз елінің патриоты, университеттің кәсіби зерттеуші ғалымы ретінде танытады.

Құрметті Токтар Анкиевич! Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ,  Егеменді Қазақстанның нығайып-көркеюі жолындағы еңбегіңізге жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

Қазақ
× You found a Typo