Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қызылшаға қарсы екпе – 27 ақпан-6 наурыз

Қазір елімізде қызылшаға қарсы екпе салу науқаны жүруде. 16-40 жас аралығындағы кез келген азамат тіркелген жері бойынша амбулаторияда вакцинация ала алады. Ол 26 ақпаннан 6 наурызға дейін жалғасады.

Қызылша – инфекциялық жұқпалы ауру. Көбіне балаларда кездеседі. Кейбір кезде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның оны жұқтырып алуы әбден мүмкін. Негізгі белгілері: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ұйқысыздық, тамаққа тәбеті болмау. Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел болу мүмкін. 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастайды.

Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені, оның бойында анасынан берілген аурудан қорғайтын қарсы денелер (антитела) уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда кез келген жаста, тіпті өмір бойы бұл ауруға шалдығу қаупі сақталады.

Ең тиімді алдын алу әдісі – екпе алу. Екпе бала бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде салынады. Одан соң алты жасында тағы салынады.

Алдын алу шарасы ретінде бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау ұсынылады. Науқас адамның үйіне, ауру өршіп тұрғанда адам көп жерлерге бармауға кеңес беріледі. Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі.

ШҚМУ денсаулық сақтау бекеті

Қазақ
× You found a Typo