Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы тарих толқынында» философиялық семинары
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2020 жылдың 10 желтоқсанында сағат 14.30-да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы тарих толқынында» атты республикалық философиялық семинардың жұмысы басталатынын хабарлайды.
Іс-шара Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Әл-Фараби» халықаралық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Философиялық конгресс» ҚБ (Қазақстан) ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылады.
Платформа: zoom
Кіру: 898 6340 7887
Пароль: 335400
Дөңгелек үстел жұмысына белгілі қазақстандық ғалымдар қатысады: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» халықаралық орталығының директоры Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы; ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Косиченко Анатолий Григорьевич; «Философия конгресс» ҚБ (Қазақстан) атқарушы директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Аяжан Сағиқызы; Акмеология академиясының академигі, «Философия конгресс» Шығыс бөлімінің төрайымы (Қазақстан), халықаралық әдіснамалық зерттеулер мен инновациялық бағдарламалар орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Гусева Нина Васильевна; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Шелепов Виктор Михайлович; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Абдығалиева Лаура Исупқанқызы; «Философиялық конгресс» Қостанай бөлімшесінің төрағасы (Қазақстан) Қостанай өңірлік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Качеев Денис Анатольевич; А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті деканының орынбасары, тарих магистрі Смағұлов Нұртас Бірлікұлы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасының қызметкері Ноғайбаева Айгүл.
Семинардың қонағы Өзбекстан ғалымы – Өзбекстан философиялық қоғамының төрайымы, Өзбекстан ұлттық университетінің Философия және руханият негіздері кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Шермухамедова Нигинахон Арслоновна болады.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы