Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әлем зертханаларындағы жазғы машықтанудан өту грантын жеңіп ал

Әлем зертханаларындағы жазғы машықтанудан өту грантын жеңіп ал!

Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2-ші және 3-ші курс студенттеріне әлемнің зертханаларында ғылыми машықтанудан өту грантына байқау жариялайды.  

Егер де сен:  

  • Қазақстандық ЖОО-ның 2- және 3-курс студенті болсаң;  
  • Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса;
  • Шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;  
  • Сенің ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;  
  • Ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң; 
  • Сенің Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса. 

Сенің:

Грантқа ие болып, 2018 жылдың жазында ҒЫЛЫМИ машықтанудан өтуге мүмкіндігің бар!

Бұл үшін 10.12.2017 ж. мерзіміне дейін толтырылған өтінім мен келесі құжаттарды жібер:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
  • Орта білім аттестатының және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
  • «Маған Ph.D. дәрежесі  ...  үшін керек» тақырыбында эссе;
  • ЖОО проректоры немесе ректорының мінездемесі.                                                                                                                             

Өтінімді құжаттармен бірге қордың электрондық поштасына жіберу керек: info@yessenovfoundation.org

Келесі байланыс телефондарына хабарласып, өтінімнің қабылданғанына көз жеткіз: + 7 727 346 92 88.

Байқаудың бірінші саты нәжтижелері мен іріктеудің екінші сатысына өткендердің аты-жөнін 08.01.2018 ж. хабарлайтын боламыз. Бағдарламаның жеңімпаздары ақпан айының басында анықталады.

Байқау шарттары көрсетілген бағдарлама ережесі қор yessenovfoundation.org сайтында.

Қосымша сұрақтар бойынша Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығына хабарласуға болады. Мекен-жайымыз: Қазақстан к., 55 (әкімшілік ғимарат), 303 каб., center303@mail.ru. Байл.тел.:8/7232/241-401.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

 

Қазақ
× You found a Typo