«Әлеуметтік студентік кредит» жобасы
Құрметті студент, егер сіз қайырымдылық іс жасауға атсалысып, шәкіртақыңызды 30 пайызға көтеріп, 20 сағаттық жұмыс үшін – 20 мың теңге, 50 сағаттық жұмыс үшін – 50 мың теңге көлемінде төлемақы алғыңыз келсе, https://qazvolunteer.kz платформасына тіркеліңіз!
«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған. Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.
Мәселен, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңгеге, 50 сағат қызметі үшін 50 мың теңгеге дейінгі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады.
Тіркелу нұсқаулығы мен барлық сұрақтар бойынша №1 оқу ғимаратындағы 239 кабинетке келулеріңізге болады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім