Қызметкерлер мен оқытушылар назарына!
ҚР ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 24 ақпандағы №128 бұйрығымен бекіткен «Міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережесіне» сай жоғары білім оқу орындарының еңбеккерлері жаңа оқу жылының алдында (маусымнан тамызға дейін) кезеңдік медициналық бақылаудан (терапевт, зертханалық және функцоналдық зерттеулер, флюрография) өтуге міндетті.
Осыған орай қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрам 1 қыркүйекке дейін медбақылаудан өтуге (жұмыс беруші есебінен) міндетті.
Медициналық бақылаудан "Полисертико" ЖШС-де өту керек, Белинский к., 32, өту уақыты - сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.
Медициналық мекеме және өту мерзімдері қосымша хабарланатын болады.
Декандар, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері 31 тамызға дейін еңбеккерлердің жұмысқа рұқсаттарының бар-жоғын тексеруі және жеке медициналық кітапшаларын кадрлар бөліміне тапсыруы тиіс.
Ректорат