- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Мен жастарға сенемін!» VIII республикалық студенттік жастардың патриоттық форумы аясында жыл сайынғы «Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» атты студенттердің инновациялық әлеуметтік-маңызды жобаларының байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – жас кәсіпкерлердің шұғыл әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге, «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен елдің саяси, мәдени және экологиялық дамуына бағытталған үздік бизнес-бастамаларын қолдау.
Конкурсқа қатысушылардың есептерін тыңдау 2ooт платформасы арқылы онлайн режимінде өтеді. Байқаудың финалы және жеңімпаздарды марапаттау Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы «Мен жастарға сенемін!» форумы аясында 2020 жылдың қараша айына жоспарланған. Байқауға қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ «Әлеуметтік маңызы бар жоба», «Өнімнің үздік прототипі», «Ғылымды қажет ететін жоба», «Инновациялық идея» және «Түпнұсқа жоба» сынды бес аталым беріледі.
Бас жүлде – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің бір жылға тегін білім алу гранты. Байқауға барлық студенттер мен магистранттар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін 2020 жылдың 23 қазанына дейін өтінімдегі үлгіні толтырып, презентация, бейнені ardak.karagulanova@kaznu.kz электронды мекен-жайына жіберуіңіз керек.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі