Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Менің пірім – Сүйінбай» атты жас ақындар айтысы өтеді - 15-16 ақпан

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай жоғары оқу орындарының жас ақындары арасында республикалық айтыс ұйымдастырылады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне биыл – 90 жыл. Осыған орай 15-16 ақпан күндері республикамыздың жоғары оқу орындарының жас ақындары арасында «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі ІІ айтыс ұйымдастырылады.

Айтысты елімізге еңбек сіңірген қайраткер, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман жетекшілік ететін қазылар алқасы бағалайды.

Қатысуға ниет білдіргендердің өтініштері 10 ақпанға дейін қабылданады. Қатысушылардың жол қаражаты мен жатын орны жіберуші мекеме тарапынан қаржыландырылуы тиіс.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo